Президент бірқатар отандасымызды арнайы төсбелгімен марапаттады

Акорда
Акорда
Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар отандастарымыз марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн:

Астана қаласы Қайырбеков атындағы №2 мектеп мұғалімі Шнайдер Елизавета Александровна ІІ дәрежелі «Достық» орденімен;

«Қазақстан украиндарының радасы» бірлестігінің төрағасы Тимощенко Юрий Евгениевич, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмадиев Мурат Абдуреимович, «Дустлик» Қазақстан өзбектерінің этномәдени қауымдастығы төрағасының орынбасары Шарипов Хасан Халматович «Ел бірлігі» орденімен;

▪️ Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушысы Дураченко Николай Николаевич, Атырау қалалық №3 мектеп-гимназиясының мұғалімі Любина Татьяна Нестеровна «Ерен еңбегі үшін» медалімен;

▪️Өскемен металлургия кешені Мырыш зауытының күйдірушісі Панасюк Сергей Александрович, Ұлытау облысы Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының аккомпаниаторы Побединский Аркадий Николаевич, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімше командирі Пономаренко Кирилл Алексеевич, Ақмола облысы Арайлы ауылы орта мектебінің мұғалімі Ирубаева Анастасия Валерьевна «Шапағат» медалімен;

▪️Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облысы ғылыми-эксперттік тобының төрағасы Краснобаева Нелли Леонидовна, Қарағанды облысындағы «Ассамблея жастары» өкілдігінің төрағасы Урмашов Александр Николаевич, Жетісу облысы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Усанова Руфина Касымовна Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы өтті.

Новости партнеров