Жантүршігерлік автобус апаты: қайғылы оқиғаға себепкер күдікті ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Зардап шеккен 24 адамның төртеуінің жағдайы орташа ауыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда автобустың қатысуымен болған жол апатына қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиғаға себепкер деп танылған жеңіл көлік жүргізушісі изоляторға қамалды. Полиция департаментінің мәліметінше, қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау тұрғысында сараптама тағайындалған. Мақатаев пен Масаншы көшелерінің қиылысында болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқыс оқиғадан зардап шеккен 24 адамның төртеуінің жағдайы орташа ауыр, қазір олар ауруханада ем-дом қабылдауда. Қалғандары амбулаторлық емге, үйіне жіберілді. Тексеріс жалғасып жатыр.

Кеше №18 бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапқанын, еске салайық.

– Мақатаев пен Сейфуллин көшелерінде адам өліміне әкеп соқан жол-көлік оқиғасына қатысты күдікті ұсталды. Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау тұрғысында сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда, – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Шәрібаев.

Оқи отырыңыз: Жантүршігерлік автобус апаты: жолаушы көз жұмды

Новости партнеров