Аттракционнан секірген әйелдің үйінен қызының мәйіті табылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Марат Қожаевтың ақпарынша, 5 жастағы қыз Даун ауруымен тіркеуде тұрған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Орталық саябақта болған сұмдық жағдайға қатысты ІІМ орынбасары пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Марат Қожаевтың ақпарынша, қайғылы оқиғаға дейін әйел баласын өлтірген. Артынша өзі аттракционнан секіріп өлген. Анасының қолынан ажал құшқан 5 жастағы қыз Даун ауруымен тіркеуде тұрған. 41 жастағы әйел суицид жасар алдында Алматыда тұратын әпкесіне барып, баласына айуандық жасағанын мойындап кеткен.

– Тәртіп сақшылары әйелдің тұрғылықты жерін тексеру кезінде баланың мәйітін тапты. Ол бұған дейін үйінде кішкентай қызын тұншықтырып өлтірген. Азаматша саябақтағы аттракционнан секіріп, өзіне қол жұмсаған. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенше әйел қайтыс болды. Қазір қалалық полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деді ҚР ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Марат Қожаев Алматыда терезеден секіріп көз жұмған қызға да қатысты тың ақпар айтты. Жетінші қабатта би билеп, артынша құлап кеткен бойжеткеннің денсаулығында кінәрат бар көрінеді. ІІМ орынбасары қырғыз азаматшасының әрекетіне қатысты қазір тергеу басталғанын жеткізді. Құқық қорғау органдары оның суицид жасауына не себеп болғанын анықтауға кіріскен.

Оқи отырыңыз: Жантүршігерлік автобус апаты: қайғылы оқиғаға себепкер күдікті ұсталды

Новости партнеров