Нюкянен спорттың осы түрінен Финляндияның ең көп жүлде алған спортшысы болды
Шаңғымен трамплиннен секіру бойынша төрт дүркін Олимпиада чемпионы болған фин спортшысы Матти Нюкянен 55-ке қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды inform.kz Финляндияның Iltalehti басылымына сілтеме жасап.
Нюкянен спорттың осы түрінен Финляндияның ең көп жүлде алған спортшысы болды. Олимпиаданың төрт алтынынан тыс, оның қоржынында Әлем чемпионатының бес алтын медалі бар.
Спортшы мансабын аяқтаған соң, ішімдікке салынып, соның салдарынан екі рет түрмеге де түсіп шыққан болатын.