Қостанай облысында құдық ішінен жанып кеткен адамның мәйіті табылды

04.02.2019 19:53

Болжам бойынша өрт темекі шегу кезінде шыққан

inform.kz

Жітіқара ауданында өртеніп кеткен үйсіз адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жітіқара қаласында кәріз құдығында матрац жанған. Өрт орнында 90% жанып кеткен мәйіт табылды. Болжам бойынша ол үй-күйі жоқ адам болуы мүмкін. Жынысы анықталып жатыр», - делінген облыстық ТЖД баспасөз хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, бастапқы болжам бойынша өрт темекі шегу кезінде шыққан.