Аида Балаева онлайн петиция институтын құру туралы айтты

baq.kz
baq.kz
Бүгінгі таңда петиция туралы Жолдауда айтылғаннан кейін министрлікке 5-6 дайын платформа бойынша ұсыныстар келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева онлайн петиция институтын құрудың маңыздылығы туралы айтып берді. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң жобасы 2015 жылы қабылданған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Ол Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 94 қадамы бойынша қабылданды. Дегенмен, Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында аталған заңға өзгеріс енгізу қажеттігі мен маңыздылығы туралы айтқан болатын. Заң бойынша ауқымды тәжірибе мен проблема жинақталды. Қазіргі таңда оның негізгі проблемасы заңның ресми орындалуы. Осы ретте министрлік ақпарат мәселелесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындады. Қазіргі күні заң Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр. Заң жобасында жыл сайын ақпараттың қол жетімдігі туралы және квазимемлекеттік сектордың деректерді ашық тарату туралы есептері қарастырылған», – деді ол.

Аталған заң жобасын 2021 жылдың маусымында қабылдау жоспарда. Сонымен қатар онлайн петиция институтын құру да өте маңызды.

«Қазақстанда қоғам өкілдері онлайн петиция институтын құрып, оны заңнамалық тұрғыда бекіту қажеттілігін бірнеше рет көтерген болатын. Елімізде онлайн петициялар жұмысы бойынша платформа жасау қажет. Дегенмен, ең маңыздысы – нормативті-құқықтық база. Бүгінгі таңда петиция туралы Жолдауда айтылғаннан кейін министрлікке 5-6 дайын платформа бойынша ұсыныстар келді. Яғни, қоғам бұған бұрыннан дайын екенін көруге болады», – деді министр.

Министр петиция дегеннің не екеніне түсінік беру маңызды екенін атады.

«Ең алдымен петиция дегеннің не екеніне түсінік беру маңызды. Екіншіден, модерация мен қарау тәртібі. Үшіншіден, мемлекеттік органдардың петицияны міндетті түрде қарауы үшін қол қоюшылардың нақты санын бекітіп алу маңызды», – деді Балаева кездесуде.

Бұл түзетулер 2021 жылғы маусымда қоғамдық бақылау туралы заң жобасы бойынша жұмыс шеңберінде жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Новости партнеров