|
29.08.2019 | 19:29
3930

Алматыда Конституция күнінің құрметіне қарбыз фестивалі өтті

Мерекеге келген тұрғындар қарбыздан жасалған тағамдар мен сусындардан дәм татты

Алматыда Конституция күнінің құрметіне қарбыз фестивалі өтті Almaty.tv

Алматының Наурызбай ауданында «Ата заңым айбарым» атты поэзиялық ән-жыр кеші өтті. Шарада ақындар патриоттық өлеңдер оқып, әншілер әннен шашу шашты. Одан бөлек, шеберлер қарбыздан жасалған туындыларын көпшілікке паш етті. Мерекеге келген тұрғындар қарбыздан жасалған тағамдар мен сусындардан дәм татты. Сондай-ақ қарбыз фестиваліна жиналған жұрт жемістерді әдемілеп турау өнерінен дәріс алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ауданымызға жас ақындар келді, арасында 10 сынып оқушысының екі кітап жазуы бұл кереметтік қой. Соны тыңдап кереметтей тебірендім. Ұйымдастырушыларға рахмет. Жаңа аудан  тұрғындарының бір-бірімен араласуының алғашқы бастамасы», – деді Төлеш СТАМБЕКОВ.

«Жастар – болашағымыз. Сондықтан біз жастардың жалынын жалындатсақ. Олар біздің рухани жаңғыруымыздың, болашағымыздың кемелдене түсуіне бірден-бір күш деп ойлаймын. Ал енді осы орайда тамаша айта кететін тәтті жырды тыңдап, жалғасы мына тәтті қарбыздан дәм татты халық. Риза болып жатыр, керемет күн болды», – деді ақын Мұратхан ШОҚАН.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

поэзия
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир