Енді төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылған қазақстандықтар әлеуметтік төлем алуға өтінішті 42500.enbek.kz сайтында бере алады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріне төлем алуға өтініш беру үшін қосымша сервис іске қосылды.
Ол үшін не істеу керек:
https://42500.enbek.kz сайтына кіру;
"42 500 жәрдемақы алу" дегенді таңдау;
өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, email көрсетілген форманы толтыру;
форманы жіберу;
жүйе телефон нөмірін көрсетуді сұрайды;
SMS хабарлама арқылы жіберілген кодпен телефон нөмірін растау;
Өтініш жіберілді.
Өтінішті өңдеп, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы деректерді тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлемді тағайындау және төлеу туралы ақпарат жіберіледі.
42 500 теңгені кімдер алады
шағын, орта және микро бизнес субъектілерінің жұмысшылары;
жеке кәсіпкерлер;
жеке практикамен айналысатын адамдар;
бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер;
міндетті зейнетақы жарнасы аударылған, қызмет көрсеткені үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс тауып жүргендер;
карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілері;
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ресми тіркелмей жұмыс істегендер.
Өтінімді қарау және әлеуметтік төлем тағайындау мерзімі үш жұмыс күнін құрайды.