Бір жылдың ішінде оқуға инвестиция салу былтырғы жылға қарағанда 10 пайыз азайған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, жергілікті бюджеттен қарастырылатын қаражат 6 жарым пайыз, ал республикалық қазынадан 7 пайыз азайған. Ал өз қаражатына білім алуға тәуекел етпейтіндер шамамен 24 миллион теңгені жұмсауға шешім қабылдамаған. Банктен берешек алып, оқуға жұмсайтындардың қатары тіпті азайып кеткен.
КЕСТЕ
білімге құйылған инвестиция 2019 2018 көрсеткіш
барлығы 92 752,9 103,274,2 -10,2%
жергілікті бюджет 34 585,2 37 004,1 -6,5%
республикалық бюджет 33 379,2 35 893,2 -7%
өз қаражаты 24 542,9 25 426,1 -3,5%
қарыз 244,6 1 421, 0 -82,8%