|
20.11.2019 | 14:48
6720

Алматыда Мейіз Сәтбаеваға ескерткіш тақта қойылды

Мемориал Құрманғазы, 20 үйдің қабырғасына орнатылды

Алматыда Мейіз Сәтбаеваға ескерткіш тақта қойылды пресс-служба акимата Алматы

Алматыда танымал ғалым Мейіз Қанышқызы Сәтбаеваны есте қалдыру үшін ескерткіш тақта салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемориал Құрманғазы, 20 үйдің қабырғасына орнатылды. Ескерткіш тақтаны Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов ашты.

Мейіз Қанышқызы – геология-минералогия ғылымдарының докторы. Ол өзінің ұлы әкесі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың жолымен жүрді және Жезқазған кен орнын ашу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Құрамы рениге бай ерекше кен құрайтын минералдардың құрылымдық-морфологиясы бойынша докторлық диссертацияны қорғады.

«Мейіз Қанышқызы – көрнекті ғалым. Мына мемориалды тақта бүгінгі және келер ұрпаққа оны еске салатын болады. Мемориалдың ашылуы – қаламыздың мәдени және ғылыми өміріндегі тарихи сәт», - деді ашылу салтанатында М. Ахетов.

Ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті М. Жұрынов, академиктер С. Оздоев және С. Қожахметов, геология-минерология ғылымдарының докторы Э. Сейітмұратова, Қ. И. Сәтбаев атындағы геология Институты архивінің директоры Н. Ниретина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Г. Бибатырова, Мейіз Сәтбаеваның ұлы, геология-минерология ғылымдарының докторы А. Третьяков қатысты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир