Әр-түрлі күйіктері бар науқастар қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді
Оралда мал союға арналған орында газ баллоны жарылған, деп хабарлады Аlmaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметне слтеме жасап.
ТЖМ ақпаратынша, Оралда мал союға арналған орында газ баллоны жарылған. Төтенше жағдай жергілікті базарлардың бірінде болған.
- Зардап шеккендер бар. Әр-түрлі күйіктері бар науқастар қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарда.
Осы ретте министрлік өкілдері газ баллондарының дұрыс жұмыс істемеуі жазатайым оқиғалардың себебі екенін айтып, азаматтарды сақ болуға шақырды. Айта кетейік, бүгін елімізде Құрбан айттың бірінші күні.
Оқи отырыңыз:Құрбан айт 2024: ел өңірлерінде қой бағасы қанша