«Мүгедектікке шығарып беремін» деп, бірнеше адамнан қомақты ақша алған алаяқ ұсталды

«Мүгедектікке шығарып беремін» деп, бірнеше адамнан қомақты ақша алған алаяқ ұсталды
Ауылдың қарапайым тұрғындарынан ол 130 000-170 000 теңге аралығында ақша алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мақтаарал ауданында "мүгедектікке шығарып беремін" деген желеумен бірнеше адамнан ақша алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысында күдіктінің Мақтаарал тұрғынының үйіне қонаққа барғанда оның ұлы орталық аурухананың есебінде тұратынын біліп, «мүгедектікке шығарып беремін» деп алдап, құжаттарымен бірге 140 000 теңге ақшасын алып кеткені анықталды. Аталған іс бойынша тексеру барысында жәбірленушінің жалғыз бұл ғана емес, күдіктінің тура осындай уәдемен тағы бірнеше адамнан бірде 130 000 теңге, келесі бірінде 170 000 теңгеден алып отырғаны белгілі болды.

Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген. Аудандық полиция қызметкерлерінің 3 бірдей жәбірленушінің арызына қатысты шұғыл әрекет еткенінің арқасында, бір апта көлемінде күдікті қолға түскен. Алайда, алаяқтықпен айналысқан азамат 3 жәбірленушіге де келтірген шығынын толық өтеп, арызданушылардың кешіруіне байланысты, қылмыстық іс тоқтатылған.

Қылмыстық істі тергеу барысында белгілі болғаны, алаяқтыққа жергілікті тұрғындардың заманға сай дамыған техниканың тілін толық білмегені, жақсы танымайтын адамға сене салғаны жол берген.  

Сондықтан, Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға алаяқтардың арбауына ермей, кез-келген мәселені заң жүзінде шешуді ескертеді. Егерде осындай алаяқтардың қылмысына куә немесе құрбаны болсаңыз, «102» шұғыл нөміріне хабар беріңіздер, өйткені дер кезінде берілген ақпарат қылмыстың тез ашылуына ықпал етеді дейді олар.


Новости партнеров