Жыл басынан бері республикалық бюджеттің шығыны 2 триллион 102 миллиард теңгені құраған
Бұл туралы еліміздің премьер-министрінің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смаилов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сонымен қатар, берілген қаржыны игермеген ведомстваларды да атады. Мемлекеттік бюджет 96,5 пайызға, республикалық 97,1, жергілікті бюджет 96,9 пайызға игерілген. Жалпы алғанда, республикалық бюджеттің 62 миллиард теңгесі игерілмепті. Оның 10 миллиарды үнемделген. Әлихан Смаиловтың сөзінше, бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 23 миллиард теңгеге аз.
Сонымен, ұлттық экономика министрлігінде жаратылмаған 15,6 миллиард теңге бар. Екінші орында ұлттық қауіпсіздік комитеті, одан кейін білім мен ғылым, әділет министрлігі, мәдениет және спорт, соңғысы ішкі істер министрлігі. Аталған министрліктердің игермеген қаражаты 52 миллиард теңге. Оған себеп, несиелік келісімшарттың кеш жасалуы, атқарылған жұмыс туралы акт, байқаулардың ұзақ жүргізілуі, - деді Әлихан Смаилов.
ҚР бюджетінің шығыны:
мемлекеттік бюджет - 96,5%
республикалық бюджет - 97,1%
жергілікті бюджет - 96,9%
республикалық бюджет шығыны - 2 трлн 102 млрд тг
игерілмеген - 62 млрд тг 10 млрд үнемделген
Бюджетті игермеген ведомствалар:
Ұлттық экономика министрлігі - 15,6 млрд тг
Ұлттық қауіпсіздік комитеті - 8,3 млрд тг
Білім және ғылым министрлігі - 4,7 млрд тг
Әділет министрлігі - 4,6 млрд тг
Мәдениет және спорт министрлігі - 4,2 млрд тг
Ішкі істер министрлігі - 3,3 млрд тг