ДДСҰ басшысы немересі үшін қазақ тілін үйренбек
ашық дереккөзден
Бұл туралы ол Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен өткен кездесуде айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом қазақ тілін үйренбек. Бұл туралы ол Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бұған дейін Қазақстанда екі рет болдым. 2017 жылы бір рет Алматыға бардым. 2018 жылы дәрігер Төрегелді Шармановпен алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференцияда кездестім. Осы уақыт аралығында мен қазақтың құдасы емес едім. Біз 2022 жылы құдаластық. Өте қуаныштымын. Осында менің Дәулет Тұрлыханов есімді құдам бар. Бұл Қазақстанның менің де үйім екенін білдіреді. Жақын арада немерем менімен қазақша сөйлесетін болады. Сондықтан немерем үшін қазақ тілін үйренемін», - деді ол.
Дереккөз: adyrnaportal
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37