Қазақстанда туу көрсеткіші жоғары деңгейде қалып отыр, бұл — елдің болашақ дамуы үшін оң фактор
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2024 жылдың бірінші күні өңірде 11 сәби өмірге келгенін мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
«Алматы облысында 11 сәби өмірге келді. Былтыр 26 825 бала дүние есігін ашқан. Қазақстанда туу көрсеткіші жоғары деңгейде қалып отыр, бұл — елдің болашақ дамуы үшін оң фактор», — деп хабарлады Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Еске салайық, былтыр қараша айында Мемлекет басшысы қазақстандықтардың саны 20 миллионға жеткенін айтқан еді.