|
22.06.2022 | 14:50
9633

Биыл елімізде қант бағасы 61 пайызға қымбаттаған – Фахриддин Қаратаев

Оның келтірген дерегі бойынша, республика бойынша жылдық қажеттілік орта есеппен 550-600 мың тонна

Биыл елімізде қант бағасы 61 пайызға қымбаттаған – Фахриддин Қаратаев pixabay.com


Биыл елімізде қант бағасы 61 пайызға қымбаттаған. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар құны 19,9 пайызға өсіпті. Ол туралы Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев вице-премьер Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның келтірген дерегі бойынша, республика бойынша жылдық қажеттілік орта есеппен 550-600 мың тонна. Ал өзімізде өндірілетін қант көлемі небәрі сұраныстың 10 пайызын ғана өтейді.

«Бүгінгі күні қанттың бағасы шарықтап 1 килограммы 600-900 теңге аралығында сатылып жатыр.Кез келген дүкеннен таба алмайсыз. Тек белгілі бір сауда орындарында ғана бар. Осыдан төрт ай бұрын басталған қант мәселесі халық арасында әлі дүрбелең тудырып отыр. Өйткені салдарынан қантты тұтынатын отандық өнім өндіретін кондитерлік шағын кәсіпкерлерді айтпағанда ірі кәсіпкерлердің өзі жабылып жатыр», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир