Ақтөбелік полицейлер 12 желтоқсанда кәмелетке толмаған балаға қатысты аса ауыр қылмысты ашты
Ақтөбеде 9 жастағы мектеп оқушысын зорлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақтөбелік полицейлер 12 желтоқсанда кәмелетке толмаған балаға қатысты аса ауыр қылмысты ашты. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталмаған 21 жасар күдіктіні ұстады. Бұл қылмысты ашуға ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары басшылық еткен арнайы жедел-тергеу тобы айналысты.ҚР ҚК 120-бап 4-тармағы және 121-бап 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Еске салсақ, ІІМ криминалдық полиция департаментінің жетекшісі бастаған топ өңірде жүр.