Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б. Байбекті қабылдады

16.04.2020 19:51

Бұл Үкімет бөліп отырған көмектен бөлек қосымша қолдау

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуде Елбасы төтенше жағдай кезінде мемлекеттік шараларды қолдау және мұқтаж адамдарға көмек ұйымдастыру бойынша «Nur Otan» партиясының белсенді жұмысын атап өтті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Birgemiz» қоғамдық қорының жұмысына тоқталып, бұл бастаманы қолдаған қазақстандықтарға алғысын білдірді. «Birgemiz» қорынан 152 мыңнан астам отбасына 50 мың теңге көлемінде бір реттік көмек көрсетілген. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын табады. Мамыр айының басынан бастап халыққа көмек көрсетудің екінші толқынын бастаймыз. Бұл Үкімет бөліп отырған көмектен бөлек қосымша қолдау, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

«Менің тапсырмам бойынша Nur Otan партиясы көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында Birgemiz атты қор құрды. Қазіргі кезде партияның жер-жердегі өкілдіктері қаншама отбасына қаржылай көмек көрсетті. Әлі де партия бұл жұмысты жалғастырады. Халықпен осындай қиын жағдайда бірге болған «Nur Otan» мен «Jas Otan»-ның үлкен шаруалары бар», – деді Қазақстан республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Сонымен бірге Елбасы «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері мен еріктілерінің жұмысын атап өтті. Олар Қазақстан бойынша 50 мыңнан астам отбасыны ең қажетті тауарлармен қамтамасыз еткен. Жалпы бұл жұмысқа үш мың ерікті жұмылдырылыпты. Өз кезегінде Бауыржан Байбек партияның дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру және халыққа көмек көрсету жұмыстары туралы баяндады.

«Сіз құрған «Birgemiz» қорына 20 миллиард теңгеге жуық қаражат түсті. 5 миллионнан астам масканы сол 100 мыңнан астам отбасыға тарататын боламыз. Сонымен қатар, елорда мен Алматыдағы екі мыңнан астам дәрігерлерге жалпы, 50 мың теңгеден осы қордан жібердік. Мен өзім Қамқорлық кеңесінің төрағасы ретінде сіздің тапсырмаңыз бойынша ақшаның жұмсалу ашықтығын қамтамасыз етіп жатырмын. Мамыр айының басында 200 мыңға жуық отбасыға ақша жіберіледі»,  – деді «Nur otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК.