|
27.04.2023 | 14:52
1715

ҚХА-ның сыйлығы мен ордені пайда болады

Ақшалай сыйақының мөлшері мемлекеттік сыйлықтан кем болмайды

ҚХА-ның сыйлығы мен ордені пайда болады Ақорда

Елімізде ҚХА-ның сыйлығы мен ордені пайда болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ассамблеяның 32 сессиясында әдебиет, журналистика, мәдениет, өнер саласында ұлттық келісімді нығайтуға ықпал етіп жүргендерді марапаттауды ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президенттің сөзінше, бұл сыйлықты жеке авторлар да, шығармашылық ұжымдар да алуы керек. Ақшалай сыйақының мөлшері мемлекеттік сыйлықтан кем болмайды. Алғашқы лауреаттарға бұл марапаттарды биыл қазан айында Республика күніне орай табыстау көзделген. Сессияда алғаш болып сөз алған Мемлекет басшысының айтуынша, әрбір азамат өз болашағын Қазақстанмен байланыстыруы керек.

«Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап бөлуге болмайды. Қоғамда мұндай ұстанымға сай бөлектенуге жол берілмейді. Әрқайсысымыз Қазақстан атты қасиетті қара шаңырақтың перзентіміз. Бәріміздің бүгінгі өміріміз, бір бауырлас азаматтармыз», – деді Мемлекет басшысы.

Өз сөзінде Президент ҚХА мемлекеттігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт, бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым екенін жеткізді. Сонымен қатар, еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат екенін атап өтті.

«Біз бірлігімізді күн сайын нығайтып отыруымыз қажет. Яғни, татулық пен келісім халқымыздың өмір салтына айналуға тиіс. Әйтпесе елдікті сақтап қалуымыз өте қиын болады. Жақсы тілек айту – халқымыздың қанына сіңген жақсы қасиет. «Жақсы сөз жарым ырыс» деп бекер айтылмаған. Мен барша халқымызды еліміздің береке бірлігін бағалай білуге шақырамын», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир