Парламент вейпке тыйым салатын заңды бекітті

Unsplash
Unsplash

Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары жекелеген баптармен келісті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Парламент вейптерге тыйым салатын заңды бекітті. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары Сенат ұсынған жекелеген баптармен келісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл тұрғыда шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің, оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін қылмыстық жауап енгізілген. Бұдан бөлек, шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптердің тауар белгісінің элементтерін немесе атауын пайдалана отырып, тауарларды жарнамалауға, оларға деген сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған түрлі іс-шараны өткізуге тыйым салуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

– ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жекелеген баптарға енгізген өзгерістер мен толықтыруларды Парламент Мәжілісінің қабылдаған заңының тұжырымдамасын өзгертпейді, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар жұбайының келісімінсіз несие ала алмайды

Новости партнеров