Күзде дизель отыны қымбаттауы мүмкін

03.08.2022 20:31

Елімізде дизель отынына мемлекеттік субсидия жоқ

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов күзде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель отыны бағасын көтеру жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ауыл шаруашылығы тауары өндірушілер үшін дизель отыны еш уақытта тапшы болған емес. Мен ұзақ жылдан бері осы салада жұмыс істеп келемін. Әр уақытта да ең бірінші кезекте көктемгі және күзгі жұмыстарға дизель отының белгілі көлемін бөліп отырдық. Мұның үстіне ресурс ұстаушылармен келіссөз жүргізу арқылы оның құнын төмен бағамен береміз. Себебі елімізде дизель отынына мемлекеттік субсидия жоқ. Биыл 1 тоннасы 212 мың теңгеден болды. Күз мезгілінде тоннасын 222 мың теңгеден белгілегіміз келеді», – деді министр Орталық коммуникация қызметіндегі баспасөз мәслихатында.