|
24.05.2019 | 14:53
1033

Коммунистер шымкенттік студенттермен кездесті

Коммунистер шымкенттік студенттермен кездесті

Қазақстан халқының 22 пайызы жастар. Сондықтан жас буынның белсенділігін арттырып, қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамауға үйрету маңызды. Шымкенттік студенттермен кездескен Коммунистік халық партия өкілдері осындай пікірде. Қалалық штаб жетекшісі әсіресе жоғары оқу орындары түлектерінің еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесіне де тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Біздің партияның негізгі ұстанымы – жоғары білімді мамандарды жұмыспен қамтамасыз етуді мемлекеттік деңгейде шешу. Екіншіден, жастардың Батыстың теріс ағымдарына еріп кетуін тоқтатып, олардың бойындағы патриоттық сезімді ояту», – дейді ҚКХП-ның Шымкент қалалық комитетінің бірінші хатшысы Нұрлан ҚАДЫРҚҰЛОВ.

Коммунистік халық партиясының үгіт тобы барлық өңірде белсенді жұмыс жүргізуде. Тараздық штаб өкілдері Жуалы ауданына барып, Қарабастау ауылының тұрғындардын кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесуде Батыстың жалған құндылықтарынан бас тартып, ұлттық салт-дәстүр негізінде қоғамды дамыту керектігі сөз болды.  

«Жамбыл Аужанұлының өзі де – ауылдан шыққан азамат. Бұл проблемалардың барлығын өзі де біледі. Бірақ сонда да біз оның бағдарламасын ауыл халқына терең жеткізуіміз керек. Сонда ғана біздің үміткерімізге ел көбірек дауыс береді», – деді ҚКХП-ның Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жарылқасын НҰРӘЛИЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир