|
24.05.2019 | 15:13
1301

Дания Еспаева Шортанды ауданының кәсіпкер әйелдерімен кездесті

Дания Еспаева Шортанды ауданының кәсіпкер әйелдерімен кездесті

«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Дания Еспаеваның сайлауалды үгіт насихат жұмыстары да қызу жүріп жатыр. Үгіт тобы Ақмола облысының Шортанды ауданында болып, кәсіпкер әйелдермен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ақмола облысының Шортанды ауданында кәсіпкерлердің 40 пайызы әйелдер. Президенттікке үміткер Дания Еспаева Научный кентінінің тұрғындарымен, осы елді мекенде өз ісін ашқан бизнес иелерімен жолығып,  бағдарламасымен таныстырды. Олардың ұсыныс пікірлерін тыңдап, кәсіпкерлікті дамыту үшін қандай мәселелерге назар аудару қажеттігіне тоқталды.

«Менің бағдарламам шағын және орта бизнесті дамытуға арналған. Ол сіздерге қызықты деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін бұдан да, біріншіден, басқа салық жағынан жеңілдік жасап, екінші несие жағынан пайыздық мөлшерлемесін төмендету арқылы жеңілдік жасау керек. Сондай-ақ шағын бизнесті дамыту үшін біз тек қана салық емес одан да басқа мәселелерді шешуіміз керек», – деді Президенттікке үміткер Дания ЕСПАЕВА.

Кездесуде ауылды жерді өркендету, әр отбасының жеке ісін ашуға жағдай жасау, іскер әйелдердің белсенділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, ұлттық құндылық  жайында әңгіме қозғалды. Елді мекендерде шағын фермерлік шаруашылықты дамыту мәселелері де назардан тыс қалмады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир