Алматыда мешіт жамағаты арасында спорттық шаралар өтті

Алматыда мешіт жамағаты арасында спорттық шаралар өтті
Шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мешіт жамағаты арасында спорттық шаралар өтті. Нұр-Мүбаракқа жиналған қауым әуелі жұма намазын оқып, кейіннен түрлі ойындарға белсене қатысты. Оның ішінде асық ату, арқан тартыс, кір тасын көтеру сынды ұлттық ойындарымыз бар. Қала күні аясында өтіп жатқан мерекенің негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Мақсатымыз қаламыздың діндар тұрғындарын салаутты өмір салтын насихаттай отырып, белсенді өмір салтына шақыру. Одан бөлек, ұлттық ойындарымызды қайта жаңғырту», – деді қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Бақдәулет Әбдіхамитов.

Ұйымдастырушылар мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта үстел теннисі мен волейбол және шағын футболдан қалалық турнир өткізуді жоспарлап отыр.

«Осылай жастарды спортқа баулып жатқан ұйымдастырушыларға Алла разы болсын! Алдағы уақытта да спорттық жарыстар ұйымдастырып тұрса екен», – деді қала тұрғыны Алтынбек Балтабекұлы.

Новости партнеров