Жаңа жылдан азаматтардың саусақ ізін тіркеу басталады

01.11.2023 19:54

Саусақ ізін тіркеу - қауіпсіздік жүйесін жақсартады

Сурет: elements.envato.com

Қазақстанның заңнамасына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР азаматтарының жеке басын куәландыратын құжатты алған кезде азаматтарды міндетті түрде саусақ ізін тіркеу жүргізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (ХҚО) ҰАҚ өңірлік филиалдарында Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлігі мен төлқұжатын рәсімдеу, сондай-ақ шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттарын беру кезінде азаматтардың саусақ іздерін алу жүргізілетін болады. Саусақ ізін тіркеу қауіпсіздік жүйесін жақсартып, заңсыз құжаттама жасауды жояды. 

- Саусақ ізі тіркелген болса, құжатты қалпына келтіру әлдеқайда жылдамырақ болады. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті саусақ ізін тіркеуден өтуден бас тартуы ҚР ӘҚбК-нің 443-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады, деп таратты Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Әкесі рұқсат берген: 13 жастағы жасөспірім жол апатына түсті