Ақмола облысында көлік басқарған 13 жастағы жасөспірім жол апатын жасап, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Зеренді ауданы аумағында «Көкшетау-Омбы» автожолының 24 шақырымында болған.
Анықталғандай, Volkswagen Passat автокөлігінің рөліне отырған Қызылтан ауылының 13 жастағы тұрғыны жолдың бұрылар тұсында Көкшетау қаласынан Аймақ ауылы бағытында жүріп келе жатқан Lada Priora жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысып, жасөспірім «тобық тұсының соқысы, ми шайқалу» диганозымен ауруханаға жетікізлді. Сонымен бірге, оң қолынан соққы алған Lada Priora көлігінің жүргізушісі де дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Жасөспірімнің қасында 44 жастағы әкесі бірге болған.
«Осы оқиғаға байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 412-бабы (құжаттары және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында егін орағы кезінде комбайншы қаза тапқанын жазған едік.