|
12.10.2023 | 14:54
430

Мемлекет басшысы роботты техника аймағын аралады

Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ұйымдастырылған

Мемлекет басшысы роботты техника аймағын аралады akorda.kz

Мемлекет басшысы дәстүрлі Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ұйымдастырылған робот техникасы, тақырыптық көрме аймақтарын, сондай-ақ қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және тағы да басқа ұйымдардың көрме стендтерін аралап көрді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Робот техникасы аймағында Мемлекет басшысы  көптеген жарыстарда жеңімпаз атанған робот техникадан Қазақстан құрамасының мүшелерімен әңгімелесті және Ustem Foundation, Alem School, MakerSpace жобаларымен танысты.

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Президентке жекелеген екінші деңгейлі банктер мен компаниялар өздерінің платформалары арқылы азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуіне мүмкіндік жасап отырғанын баяндады.

Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект технологиясы адамзатқа қауіп-қатер төндіруі мүмкін - Мемлекет басшысы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир