Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны Атырау облысында өтетін болды

17.06.2023 19:54

Бірінші жиын былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өткен болатын

Ақорда

Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны Атырау облысында өтетін болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Осымен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын қорытындылайық. Былтыр Ұлытауда, биыл киелі Түркістанда бас қосып, елдік мәселелерді талқыладық. Ел тарихында айрықша орны бар тағы бір аймақ – Атырау облысы. Ондағы әйгілі Сарайшық қаласында атақты хандарымыз ордасын тіккен. Мен Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын осы шежірелі аймақта өткізуді ұсынамын. Елімізде лайым жақсылық көп болсын!», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өтіп жатқан екінші Ұлттық құрылтайда.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өткен болатын.

Сол кезде Президент келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынған еді.