Алматыда IX Еуразиялық монополияға қарсы форум өтіп жатыр

20.04.2023 19:55

Іс-шара 2 күнге созылады

Almaty.tv

Шетелдік монополияға қарсы орган өкілдері әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен цифрлық нарықты бақылауға алуда өз тәжірибесін бөлісті. Олар Алматыда өтіп жатқан IX Еуразиялық монополияға қарсы форумда бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға сарапшылар қауымдастығы мен кәсіпкерлер қатысып, бәсекелестікті арттырудың негізгі тенденциялары жайлы сөз қозғады. Форумға келгендер де осы мәселе төңірегінде сұрағын қойып, сарапшылардан жауап алды.  

«Форум биыл 9-рет өтіп жатыр. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақ үшін маңызды іс-шараның бірі. Келесі жылдан бастап форумның көлемін ұлғайтқымыз келеді, яғни тек Еуразия мемлекеттері емес, өзге елдерден де сарапшылар шақыруды жоспарлап отырмыз. Келесі басқосу 2024 жылдың ақпан айында өтеді», – деді Еуразиялық монополияға қарсы сарапшылар альянсының атқарушы директоры Елена Бычкова.

Іс-шарада телекоммуникация, жүк көлік және жолаушы тасымалы, ипотекалық несие мен дәрі-дәрмек нарығына шолу жасалды. Аталмыш форум 2 күнге созылады. Айта кетейік, биылдан бастап іс-шараны Еуразиялық монополияға қарсы сарапшылар альянсы ұйымдастырады.