Астанада «Отандастар» форумы өтіп жатыр
Кейбіреулер өзінің қазақ екенін дәлелдей алмайды. Астанада өтіп жатқан «Отандастар» форумында сөз сөйлеген этникалық қазақ, Францияның Крей қаласы мэрінің орынбасары Есим Саваш осылай мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі іnform.kz-ке сілтеме жасап.
- Францияда шамамен 13 жылдан бері жұмыс істеп келемін. 2014 жылы мен қалалық басқару органдарында қызметке араластым. Содан кейін қала әкімінің орынбасары болып сайландым. Биыл мен Крей қаласы жастарының мәселесін жеткізу үшін бар күшімді салдым, енді оны Сенатқа жеткізгім келеді. Жастар өз көзқарасын жақсы жаққа өзгертіп, саясатқа араласып, әлемнің дамуына үлес қосуға мүмкіндігі бар. Қазақстанда Еуропадағы қазақстандық жастар үшін жаңа жобалар қолға алынғанын білемін,- деді Есим Саваш форумда сөйлеген сөзінде.
Бұл ретте Есим Саваш «Ата жолы» картасын және Қазақстан азаматтығын алу тәртібінде күрделі мәселелер бар екенін атап өтті.
- Басты мәселенің бірі - кейбіреулер өзінің қазақ екенін дәлелдей алмайды. Осындай мәселе көп қазақтың басында бар. Сондықтан қазақстандық тарап бұл проблеманы жүйелі түрде шешсе екен,- дейді Крей қаласы мэрінің мәдениет мәселелері бойынша орынбасары Есим Саваш.
Оқи отырыңыз: «Мұғалім» сериялындағы Азамат әке-шешесіне қарсы шықты