Ресми хабарлама
«Алматы» телеарнасы қала тұрғындарын интернет алаяқтардан сақ болуға шақырады.
Соңғы кезде заманауи технологияларды пайдалана отырып, жасалатын алаяқтық әрекеттер жиілеп кеткен. Қылмыскерлер тек қаржы институттарымен ғана шектеліп қоймай, халықты жаңылыстыру мақсатында отандық брендтерді, компанияларды, оның ішінде «Алматы» телеарнасын да пайдаланады.
«Алматы» телеарнасы алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін жеке мәліметтерді жарияламауға, күмәнді ақпарат болса, тексеруді сұрайды.
Егер сіз жалған жарнаманың куәгері болсаңыз, Telegram @Almatytv_bot арқылы бізге хабарлаңыз. «Алматы» ТРК» АҚ-ның әлеуметтік желілердегі және бейнехостинг сайттарындағы ресми парақшалары: Instagram, Twitter, Facebook (facebook.com/almaty.tv.kaz, facebook.com/almaty.tv), TikTok, Telegram, YouTube (AlmatyUS, AlmatyTVNews, Almaty24kz ).