Бүгін «Референдум» деректі фильмін көріңіз

30.05.2022 20:02

Бұл фильмде Ата заңға енетін негізгі өзгерістер және оның ел дамуына ықпалы туралы лауазымды тұлғалардың ой-сараптары беріледі, сондай-ақ аймақтардағы тұрғындардың пікірлері қамтылады

фото из открытых источников

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.

Бұл фильмде Ата заңға енетін негізгі өзгерістер және оның ел дамуына ықпалы туралы лауазымды тұлғалардың ой-сараптары беріледі, сондай-ақ аймақтардағы тұрғындардың пікірлері қамтылады.

Республикалық референдумның ел тағдырындағы мән-маңызы туралы толығырақ «Референдум» деректі фильмінен көре аласыздар!

Бүгін, 30 мамырда сағат 20:35-те «Алматы» арнасында!