Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv
«Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Қоғамымыз сіздерге жауапты міндет – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жүктеп отыр. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері әділ, ашық және адал болуы керек. Қиын да қатерлі қызметтеріңізге табыс тілеймін!» – деп жазды Мемлекет басшысы.
Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Қоғамымыз сіздерге жауапты міндет – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жүктеп отыр. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері әділ, ашық және адал болуы керек. Қиын да қатерлі қызметтеріңізге табыс тілеймін!
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 23, 2021