Алматының Медеу ауданында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Республика сарайында өткен іс-шараға 90-ға жуық жұмыс беруші қатысып, 700 бос жұмыс орны ұсынылды. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері келушілердің сұрақтарына жауап берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмыс іздеп келген азамат көп.
«Бос орындар жәрмеңкесін биыл 3-мәрте өтті. Бүгінгі жәрмеңке Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығымен бірігіп, ұйымдастырылды. Біздің Медеу ауданында қала бойынша біз жұмыс іздеп жүрген азаматтардың бәрін шақырдық. Қазір 700-ге жуық бос жұмыс орынын беріп отырмыз», – деді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдар Нұрлыбаев.
Айта кетейік, жәрмеңкеге пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар да келіп, жұмысқа жолдама алды. Бүгінде Медеу ауданы бойынша 483 адам есепте тұр.
«Жұмыссыз жүргеніме 40 жыл болды. Жәрмеңкеде өзіме жұмыс таптым. Алдымен Медеу ауданының әкімдігіне алғыс білдіремін. Енді жұмысыма адал боламын деп ойлаймын. Бәрі тамаша», – деді жұмыс іздеуші Евгений Смирнов.