|
10.02.2023 | 15:00
2253

Жамбыл облысының тұрғындары да Түркия еліне 120 тонна гуманитарлық көмек жібермек

Жүк көліктері Алматы қаласының әуежайына жолға шықты

Жамбыл облысының тұрғындары да Түркия еліне 120 тонна гуманитарлық көмек жібермек Almaty.tv

Жамбыл облысының тұрғындары да зілзаладан зардап шеккен Түркия еліне көмек жөнелтеді. Әулиеаталықтар арнайы қор ашып, 2 күн ішінде 9 миллионға жуық қаржы жинаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді 120 тонна гуманитарлық көмек Алматыдан ұшақ арқылы алыстағы ағайынға жолданбақ. Қазір Байзақ ауданының 5 ауылы мен Тараз қаласында 20 тонналық 6 жүк көлігі қойылған. Жиналған қаржыға азық-түлік, киім-кешек пен көрпе төсек сатып алынды. Бұдан бөлек, жергілікті жұрт та барымен бөлісіп жатыр. Ал облыстық ассамблея өкілдері мен жастар орталығының еріктілері жылу жинауға кіріскен. Жүк көліктері Алматы қаласының әуежайына жолға шықты. Әрі қарай гуманитарлық көмек елшілік ұсынған ұшаққа тиеледі.

«Бастапқыда топ аштық, 2000 адам жиналды. Арнайы есепшот аштық. Туркия елшілігіне хабарластық, ұшақпен қамтамасыз етті», – деді Қостөбе ауылының тұрғыны Ислам Бишлеев.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир