|
28.12.2019 | 20:19
7876

Екінші ұшқыштың жағдайы өте ауыр – индустрия министрлігі

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы апатқа ұшыраған Fokker 100 ұшағының екінші ұшқышы жан сақтау бөлімінде жатқанын айтты

Екінші ұшқыштың жағдайы өте ауыр – индустрия министрлігі

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтың екінші ұшқышының жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан анықтамалық материалда жазылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Апаттан зардап шеккен ұшқыш 1965 жылы мамырда дүниеге келген. Ол әуеде 11 544 сағат ұшқан. Оның 4144 сағаты Fokker 100 ұшағында өтіпті.

"Екінші ұшқыштың жағдайы өте ауыр, ол сөйлей алмайды. 2019 жылдың 12 ақпанында ұшқыштың біліктілігі 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін созылған", - делінген хабарламада.

Бұл ақпаратты  Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев растады.

"Қазіргі таңда екінші ұшқыш медициналық мекемеде жатыр. Менің білуімше, ол жансақтау бөлімінде", - деді ол.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир