Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай назарларыңызға ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі ғұмырындағы маңызды салт-дәстүрлерін ұсынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Тұсау кесу
Баланың «бауырынан табақ жүгірту» ырымынан кейін, арада біраз уақыт өткен соң бала қаз тұрып, жүруге бейімделеді. Міне, осы кезде сəбидің ата-анасы «тұсаукесер» салтын өткізеді. Онда баланың аяғын ала жіп, майлы ішек жəне шөп тектес заттар-мен (орап) тұсап, білімді, өнегелі немесе ұзақ сапарларда көп бол ған жəне жүйрік, аяғы жылдам адамдардың біріне:– Жүйрік бол, шауып кет! Қадамың сəтті, бақытың тəтті болсын, бісміллə! – деп тұсауды кестіріп жібереді. Тұсауы кесілген баланы ата-анасы немесе жақын туыстарынан екі адам екі қолтығынан демеп ұстап, қаз-қаз айтады, мəре-сəре болады.
Тұсау кесудің де өзіндік үлгі-өнегесі жəне ғылыми мəні бар. Тұсауы кесілген сəбиді сол күннен бастап үлкен-кіші бірінен соң бірі жетелеп, ұдайы машықтандырып отыратындықтан, бала тез аяқтанады. Ал ала жіп орап кесу – балам адал болсын, арлы болсын дегені. Қазақ салтында ала жіпті аттамайды.
Шөп орап кесу – ұрпағым шөптей көп болып өсіп-өнсін дегені. Ал майлы ішек орап кесу – балам бай-бақытты болсын, қадамы жайлы, қазаны майлы болсын деген игіті ле гін бейнелейді.
Байғазы
Байғазы – балалардың жаңа киген киім-кешегі мен жаңа жасатқан ер-тұрманын көргенде, тай-құнанға мінгенде үлкен кісілер беретін сыйлық немесе үйлеріне туыс-туған, көрші-қолаң балалары жаңа киім киіп, жаңа ер-тұрманын көрсетсе: – Мə, байғазың! Жасың ұзақ, киімің тозғақ болсын! – деген игі тілектерін білдіріп, қыз бала болса, киімдерінің алдыңғы өңіріне маржан, моншақ, тана, сөлкебай, үкі тақса; ал, ұл балаларға қамшы, жүген-ноқта беріп, қой-қозы сыйлайды. Міне, бұл «байғазы» деп аталады.
«Байғазы алу» балаларды үлкендерден тұңғыш сыйлық алып, қуанышқа бөлейді. «Байғазы» балаларды көпшілдікке, қуанышын өзгелермен ортақ тасатын ақ көңіл, ашық-жарқын болуға; жомарттыққа, мəрттікке же телейді. Адамдар арасындағы қарым-қатынасын жақсартып, достыққа, береке-бірлікке тəрбиелеп, туыстық сүйіспеншілігін арттырады.
Оқи отырыңыз: Қазақтың салты мен тәрбиесі бөлек: Жаңаөзенде Адай есімді қара бала өсіп жатыр