Жол апатын әйелдер көп жасай ма, әлде ерлер ме – статистика

15.09.2024 20:07

Ғалымдар 160 мыңға жуық сот шешіміне талдау жасап көрді

elements.envato.com

Ұлттық зерттеу университетінің жоғары экономика мектебінің ғалымдары жүргізушінің гендері оның көлікті жүргізуіне қалай әсер ететінін айтып, жол апаты статистикасын анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Зерттеу «Билік социологиясы» ғылыми журналында жарияланды. Баяндама авторларының айтуынша, әйелдер ерлерге қарағанда көлікті нашар жүргізеді деген пікір жай стереотип. Яғни, көпшілігі әйелдер стреске түсуге бейім, реакциясы жай, сондықтан жол-көлік оқиғасына жол береді деп ойлайды.

Осы пікірдің рас-өтірігін тексеру үшін мамандар 2010-2022 жылдар аралығындағы жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 160 мыңға жуық сот шешімін талдады.

«Істердің 90%-дан астамында жауапкер ер адам болды. Біз сондай-ақ, екі жыныстағы жүргізушілердің (тиісінше 68% және 22% әйелдер) үлесіндегі айырмашылықты ескере отырып, жол апаты жиілігін есептедік. Қылмыстық іс қозғауға әкеп соғатын жол-көлік оқиғаларына ер адамдар 3,25 есе жиі ұшырайтыны белгілі болды», – делінген мақалада.

Ғалымдардың айтуынша, ер адамдар көлікті жоғары жылдамдықпен жүргізеді. Орташа алғанда, олар әйелдерге қарағанда тәулігіне 26% көп шақырым жүреді, бірақ рөлде тек 10% уақыт көбірек өткізеді.

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін сотталған әйелдер арасында бұл көрсеткіш – 10%.

Зардап шеккендердің өліміне немесе ауыр жарақатына әкелетін жол-көлік оқиғаларының 75%-ы ер адамдардың қатысуымен болған. Сондай-ақ мұндай істердің үштен екісінде оларға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Оқи отырыңыз: Өзгенің көлігін ұрлап әкеткен ер адам полиция бөлімшесінің қақпасына соғылды