|
15.09.2024 | 11:56
299

Өзгенің көлігін ұрлап әкеткен ер адам полиция бөлімшесінің қақпасына соғылды

Ұрының қылмысты мас күйде жасағаны анықталды

Өзгенің көлігін ұрлап әкеткен ер адам полиция бөлімшесінің қақпасына соғылды Фото: thestandard.com

Гонконгта (Қытай) такси жүргізушісі әлдекімнің өзін қорқытып, көлігін айдап әкеткені туралы полицияға хабарлаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, таксиге отыра салысымен бірден екі үлкен пышақ көрсеткен ер адам такси жүргізушісін қорқыта бастаған. Жүргізуші жан сауғалап көліктен түсіп қалған кезде, жолаушы көлікті белгісіз бағытқа айдап кеткен.

Полицейлер оқиға болған жерден қылмыскер лақтырып кеткен пышақтарды тез тауып алып, сараптапаға жөнелткен. Алайда істі тергеуге көп күш салудың қажеті болмаған, себебі көлік ұрлап кеткен ер адам полицияның қолына өзі барып түскен екен.

Белгілі болғандай, Лю есімді 51 жастағы ер адам такси жүргізушісінің көлігін тартып ала салып, қатты жылдамдықпен келе жатқанда рөлге ие бола алмай, қалалық полиция бөлімшесінің қақпасына келіп соғылған.

Өзі келіп қолға түскен ұрының қылмысты қатты мас күйде жасағаны анықталды, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз: Атыраулық бойжеткен 80-нен асқан неміс миллиардеріне тұрмысқа шықты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир