9 айда Қазақстанда құс етінің өндірісі 3 пайызға өсті. Ал жұмыртқа шығару көрсеткіші 5,3 пайызға артып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Атамекен» сараптамалық қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл қаңтар-қыркүйек айларында өтткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда құс етінің өндірісі 2,8 пайызға артқан. Ішкі нарықты жұмыртқамен қамтамасыз ету көрсеткіші 101 пайызға жетіп отыр. Ал құс еті бойынша көрсеткіш 50 пайыздан 65 пайызға дейін жетті. 2025 жылға қарай жаңа құс фабрикаларын салу және жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларын жаңғырту есебінен құс еті бойынша импортты толық алмастыруға қол жеткізу жоспарлануда.
Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) деректері бойынша, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте құс еті мен тағамдық қосалқы өнімдердің импорты 18,1% - ға, 75 361 мың долларға дейін ұлғайды, ал салмағы бойынша 18,8% - ға, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59 418 тоннаға дейін азайды. Негізгі импорттық серіктес АҚШ болып табылады, оның үлесіне 59 982 мың доллар (79,6%) тиесілі.
Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында қуаттылығы жылына 5 мың тонна тауық етін өндіретін құс фабрикасы ашылды. Кәсіпорын big Dutchmen, Szlachet-Stal және Vagner компанияларының заманауи еуропалық жабдықтарымен жабдықталған, ол келешекте жыл сайын 20 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге мүмкіндік береді. Жобаның құны-5 млрд теңге. Қаржының басым бөлігі әлеуемттік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы берілген несие. Қосымша 165 жұмыс орны ашылды.
Биыл Қазақстанда 6 құс фабрикасын ашу жоспарланған. Оның үшеуі Солтүстік Қазақстанның ауылдарында жұмыс істейтін болады.
Соңғы 2 жылда өңірде ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 35 млрд теңге бөлінді.