|
30.01.2019 | 14:57
2381

Назарбаев жастарға арналған 1 млн орындық жатақхана салуды тапсырды

Назарбаев жастарға арналған 1 млн орындық жатақхана салуды тапсырды

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарабев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жастарға арналған 1 млн орындық жатақхана салуды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Үйді кімде жоқ, соларға берейік. Жастарға деп отырғаннан кейін, солар ғой. Үйі жоқтар алсын. Үйі барлар қазір оны арзан бағамен алады да содан кейін арендаға беріп, сол үйден ақша табады. Бүгінде баспанасы жоқтарды қамтуымыз керек. Бұл ең алдымен – жас отбасылар. Егер жас отбасылар жұмыс істейтін болса, әсіресе екеуі бірдей жұмыс істесе онда барлығы баспаналы бола алады. Сол себепті, әлемдік тәжірибені есепке ала отырып, халықтың көп бөлігін қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй бағдарламасын тағы да талдауды тапсырамын. Жарайды, аз болды деп сендерді сынамай-ақ қояйын. Әкімшіліктер халықпен жұмыс істейтін болса, алатындар табылады. Солай ғой? Осыған орай Астана, Алматы, Шымкентте жастарға 1 млн орындық жатақхана жасайтын болсын», - деп тапсырды ҚР президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысында.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир