Еңбекшіқазақ ауданында атты патрульдер ұйымдастырылды

polisia.kz
polisia.kz
Ауданда коронавирустық инфекцияның таралу деректерінің анықталуына байланысты аймақта қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында атты патрульдер ұйымдастырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында коронавирустық инфекцияның таралу деректерінің анықталуына байланысты аймақта қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді.

“Алматы облысы бас санитарлық дәрігерінің ағымдағы жылдың 13 сәуіріндегі №6 қаулысында полицияның нақты міндеттері айқындалған. Оларды іске асыру мақсатында індеттің одан әрі таралуын болдырмау жөніндегі барлық қажетті шұғыл шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, ауданның барлық кіру және шығу жолдары бұғатталып, адамдардың ауыл арасындағы қозғалысы шектелді. Қазіргі кезеңде 25 блокадалық бекет бар. Одан өзге, кіру және шығу жолдарына жеке құрамның 50-ге жуық қызметкері жұмылдырылған үш негізгі тосқауыл-бекет орнатылған. Барлық жерлерді мұқият бақылау және құқық бұзушылықтарға шұғыл әрекет ету мақсатында атты нарядтар ұйымдастырылды. Олар аумақты, үйлерді және өзге де объектілерді жаяу аралаумен және халықпен профилактикалық жұмыстарды белсенді түрде жүргізумен айналысады”, - деп хабарлайды аудандық полиция басқармасының басшысы Талғат Сейлханов.

Новости партнеров