|
30.12.2022 | 15:55
728

2023 жылы 56 елдімекенге табиғи газ жеткізіледі – министр

Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті

2023 жылы 56 елдімекенге табиғи газ жеткізіледі – министр inbusiness.kz

Биыл 107 елдімекен көгілдір отынмен қамтылды, алдағы жылы тағы 56 елдімекенге газ жеткізу жоспары бар. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Биыл жыл қорытындысы бойынша халық тұтынатын көгілдір отын жеткізу көрсеткіші 59%-ға жетті. 2022 жылы 96,1 млрд теңгеге 142 газ жобасы іске асырылды. Бұл 284,8 мың адамды немесе 107 елдімекенді табиғи газбен қамтуға мүмкіндік берді. Келесі жылы газға қол жеткізетін халықтың үлесін 59,9%-ға жеткіземіз. 2023 жылы жоспар бойынша 73,9 млрд теңге сомаға 86 жобаны іске асыру міндеті тұр. Бұл 166,6 мың адамды немесе 56 елдімекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Болат Ақшолақов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Министрдің мәлімдеуінше, биыл газ тасымалдау жүйесінің одан әрі дамуын айқындайтын 2015-2030 жылдарға арналған бас схема қайта пысықталды.

«Биылғы жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі – 51,7 млрд текше метр. Газ өндірісінің төмендеуі мұнай өндіру деңгейінің төмендеуімен байланысты. Алдағы жылға арналған газ өндіру жоспары 53,5 млрд текше метр деп белгіленіп отыр», – дейді ол.

Сондай-ақ, ведомство басшысы алдағы жылы «Сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша» заң қабылданатынын айтты. Айтуынша, жаңа заң сұйытылған газ айналымының ашықтығы мен әділ баға белгілеуді қамтамасыз етеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир