Елімізде ұрлық пен тонау көбейген. Ол туралы ІІМ Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілішісі.
Оның айтуынша, оған қаңтар оқиғасының да әсері бар. Ұрлықтың ең жоғары деңгейі Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласында тіркелген. Ал жыл басынан бері Алматы облысында 800-ден астам, Ақмола мен Жамбыл облыстарында 500-ден астам, Түркістан облысында 400-ге жуық бас мал ұрланған.
«Өкінішке қарай ірі мегополистердің Ішкі істер департаменттерінің басшылары ескі жүйе бойынша жұмыс істейді. Тек салдарынан кейін ғана әрекет етеді. Талдау көрсеткендей, қылмысты өзге қалалардан келетіндер жасайды. Алматыда 45 пайыз, Нұр-Сұлтанда 40 пайыз, Шымкентте 20 пайыз. Олар тұрғылықты жер бойынша тіркелмейді де полицияның назарынан тыс қалады», – деді ҚР ІІМ Марат Ахметжанов.