Заң жаңа жылдан бастап күшіне енеді
2024 жылдың 1-ші қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мөлшері артады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды. Атап айтқанда, құжатта 2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген.
Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды.
Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.
Әлеуметтік кодекске сәйкес ҚР Үкіметі еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырады.
Оқи отырыңыз: Ерлан Қошанов несие беру тәртібін қатаңдатуды талап етті