|
23.11.2019 | 14:58
2073

Павлодарда ер адам қателесіп біреудің көлігін мініп кеткен

Оқиға қаладағы ықшамаудандардың бірінде болған

Павлодарда ер адам қателесіп біреудің көлігін мініп кеткен

Павлодарда ер қателесіп біреудің көлігін мініп кеткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, оқиға қаладағы ықшамаудандардың бірінде болған.

"Полицияға Павлодардың 34 жастағы тұрғыны келіп, Космановтар көшесінің бойынан таңғы 06.30-дан 08.30-ға дейін ВАЗ 21043 автомилі ұрланғаны туралы арыз берген", - делінген Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметің хабарламасында.

Ер адам өз көлігін жолға жақын қалдырғанын айтты. Көлік иесі есігін жапқан, ал бір сағаттан кейін қайтып келгенде, көлігі қойған орнынан табылмаған. Жоғалған көлікті полицейлер қалалық тұрақтардың бірінен тапты.

"Күдікті ретінде облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол жәбірленушінің автокөлігін өзінің танысының автокөлігімен шатастырған. Ол көлікті көріп, жақын маңдағы автотұраққа алып кеткен", - деді аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (" Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Егер сот күдіктіні кінәлі деп таныса, онда оған бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Сонымен қатар, осы бап бойынша екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе айруды көздейді.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир