Ресей Байқоңырды жалға алудан бас тартуы мүмкін бе – министр жауабы

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Мусин Ресей Байқоңырды жалға алып отырғаны үшін жылына 100 миллион доллардан астам ақша төлейтінін атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Байқоңыр» ғарыш айлағында Ресей тарапымен әріптестікке қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер министрден «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға алудан Ресейдің бас тартуы мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойды.

«Кеше Рогозин мырза («Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин) жоспарлар өзгермегенін айтты. Олар Қазақстанмен арада жоспарланған барлық ғарыш бағдарламаларын дамытатынын жариялады. Атап айтқанда, ресейлік әріптестермен келіссөздер алдағы уақытта болады деп жоспарланып отыр. Себебі тиісті өзгерістер болып жатыр», - деді Б. Мусин.

Министрдің айтуынша, шамамен 15-20 сәуірде олармен бірқатар мәселе бойынша келіссөздер жоспарланған. Соның ішінде алдағы жылдарға арналған перспективалы жобалар да бар.

Мусин Ресей Байқоңырды жалға алып отырғаны үшін жылына 100 миллион доллардан астам ақша төлейтінін атап өтті. Келісімшарт 2050 жылға дейін бекітілген.

Новости партнеров