1995 жылдан бері қалада тұрақты түрде аталып өтілетін мереке түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан мәдени жиынға айналған
Алматыда ЮНЕСКО көлемінде «Мәдени мұра жауһары» саналатын Сабантой тойланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілішсі.
1995 жылдан бері қалада тұрақты түрде аталып өтілетін мереке түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан мәдени жиынға айналған. Іс-шара аясында концерттік бағдарламадан бөлек, ұлттық һәм спорттық ойындар мен киім көрмесі өтті.
«Көпұлтты біздің мемлекетте бәріне тыныштық, тоқшылық, амандық, болашағымыз ашық болып, тыныштықта жасауға бәрімізге тілектемін», – деді «Идел» Татар-Башқұрт қоғамдық - мәдени орталығы басшысының бірінші орынбасары Ильмират Вафин.