|
22.10.2020 | 14:59
3426

«Алматы» телеарнасы мен «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы» КММ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде бірегей жобаларды жүзеге асыруға байланысты өзара уағдаласты

«Алматы» телеарнасы мен «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы» КММ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Almaty.tv

22 қазанда «Алматы» телеарнасының бас директоры Нұржан Мұхамеджанова мен «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы» КММ-нің басшысы Бауыржан Мұрбеков ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Меморандумға сәйкес, тараптар мәдени ынтымақтастықты дамыту және жалпы халыққа туризм мәдениетін насихаттау, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде бірегей жобаларды жүзеге асыруға байланысты өзара уағдаласты.

Сондай-ақ, «Алматы» телеарнасы мен «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы» КММ арасындағы келісімдерді жүзеге асыру шеңберінде ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, семинарлар ұйымдастыру жоспарланған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир