«Алматы» телеарнасы мен «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы» КММ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

22.10.2020 19:59

Мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде бірегей жобаларды жүзеге асыруға байланысты өзара уағдаласты

Almaty.tv

22 қазанда «Алматы» телеарнасының бас директоры Нұржан Мұхамеджанова мен «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы» КММ-нің басшысы Бауыржан Мұрбеков ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Меморандумға сәйкес, тараптар мәдени ынтымақтастықты дамыту және жалпы халыққа туризм мәдениетін насихаттау, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде бірегей жобаларды жүзеге асыруға байланысты өзара уағдаласты.

Сондай-ақ, «Алматы» телеарнасы мен «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы» КММ арасындағы келісімдерді жүзеге асыру шеңберінде ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, семинарлар ұйымдастыру жоспарланған.